Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.02.2025
86

Ғашықтар көп
Ғашықтар көп амалсыз көніп кеткен,
Сезімдер көп жеткізбей өліп кеткен,
Махаббат бар негізсіз сусыз өшкен,
Жалындаған жалған ай қамсыз өткен.
Айырылмаймын өзіңнен арылмаймын ,
Өлмеймін мен өлуге ұмтылмаймын,
Сезім болса айтшы маған сыналмайын.
Қиналмайын өзіңсіз қыйналмайын
Көздерде бар бірін бірі көрмей кеткен
Қоштасудың не екенін ұғып өткен
Өзіңе арналған ауыр сезім
Басыма таяқ болып бірге кеткен
Ғасырларға жететін махаббат бар
Күнге жетпей қоштасатын жалында бар
Сен бар кезде мен бармын жоқ болмаймын
Сен жоқ болсаң барлығымен қоштасайын
Өзіңе өмір арнап шаттанайын
Армансыз алдыңда өліп жоқ болайын...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter