Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.02.2025
50

Әдебиет қыз
Сені көрсем өлең жазғым келеді,
Әдебиетті көремін көзіңдегі.
Мүмкін мен басқашалау болған соң ба,
Көз алмай қарай бергім келеді.
Бар екен-ау әдебиеттің тумалары,
Шұғыладай жарқырап күн астында,
Жұлдыз болып ағып түсер мың арманы,
Басқа көзбен көресің бе бұл ғаламды?
Әдебиет мұңға толы бөлек әлем.
Алдыңда қарызым көп өтелмеген,
Қол бармай,қалам жазбай,қалған кезде,
Неге мен әдебиетті сенен көрем?
Жалғыз қалып жүрегің қынжылғанда,
Жараңды емдейтін қара өлең,
Қырық екі әріптен құрсам жырды,
Бір сөзіңе жете алмай кетеді екен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇