Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  686


Автор: Жібек Ысқақова

ҚЫРЫҚ ЖАНДЫ ӘЙЕЛДЕР

Қырық жанды әйелдер
Үй жағдайын қылатын.
Қайынжұртын құрметтеп,
Азанда ерте тұратын…
Қырық жанды әйелдер,
Тербететін баласын.
Үйін жинап мұнтаздай,
Сыпыратын даласын.
Қырық жанды әйелдер,
Қиындықты жеңетін.
Сөз айтпайтын үлкеннің,
Көңіліне келетін…
Қырық жанды әйелдер,
Сиырды да сауатын.
Қызмет етіп еліне,
Жұмысқа да баратын…
Қырық жанды әйелдер,
Баратындар базарға.
Азық-түлік әкеліп,
Етін салар қазанға…!
Қырық жанды әйелдер,
Қонақтарды шақырар.
Түнде бала емізіп,
Таңды ұйқысыз атырар…!
Қырық жанды әйелдер,
Көңілге күй беретін.
Үміт отын сөндірмей,
Жақсылыққа сенетін…!
 Қырық жанды әйелдер,
Биік қояр жан-жарын.
Күлім қағып оянар,
Сәтті атқызып таңдарын…!
Қырық жанды әйелдер,
Көктемдей боп құлпырар.
Жұбайына еркелеп,
Арасында үн қылар…!
Қырық жанды әйелдер,
Пейілдері ақ қардай.
Көрінгенмен ең мықты,
Жаны нәзік мақпалдай…!
Қырық жанды әйелдер,
Жаздай жайнап жүреді.
Тілейді бар жақсыны,
Соғып тұрған жүрегі.
Қырық жанды әйелдер,
Отбасының иесі.
Іс жасайтын тоқтамай,
Қырық жанды жүйесі…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу