Өлеңдер ✍️

ТУЫСҚАНДАР, ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АСЫЛЫМ
Жүздескенде еселейтін бағымды,
Күндей болып шуақты еткен жанымды.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Жақсы көрем шын жүректен бәріңді…!
Сағынғанда өздеріңмен кездестім,
Сыйластықта жүрегіңмен үндестім.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Өздеріңмен ең бақытты күй кештім…!
Бірің менің — жүрегімсің, көзімсің,
Енді бірің таңғажайып сөзімсің.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Махаббатым, сарқылмайтын сезімсің…!
Әрбіреуің ерекшесің, дарасың,
Бірің ана, енді бірің ағасың.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Күнім, айым, жұлдызым боп жанасың…!
Сендер жайлы жыр жазамын жар сала,
Қарайлаймын әрбіріңе тамсана.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Бар жақсыны тілеймін мен баршаңа…!
Барлығыңды ойлап жүрем, ойға алам,
Құлағымда жаңғырады тойдағы ән.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Күн көп болсын қуанышты тойлаған…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇