Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  255


Автор: Жібек Ысқақова

ЕЙ, ӨМІРІМ!

Әрбір күннен қуанышты табамын,
Қараңғыда шамнан шырақ жағамын.
Ей, өмірім! Асықпашы өтуге,
Таусылса да ішерге ас, тағамым…!
Қиындықтар түссе-дағы басыма,
Өз өзіме, — деп айтамын: «Жасыма!»
Ей өмірім! Жақсылыққа басташы,
Қарамашы көзімнің бұл жасына…!
Мен білсеңіз ерекшемін, дарамын,
Бағындырып биік шыңды аламын.
Ей жүрегім! Асықпашы тоқтауға,
Әлі талай жұлдызың боп жанамын…!
Құласам да, сүрінсем де тұрамын,
Таусылмайды жазар менің жыр, әнім!
Ей, өмірім! Әр күнімді шуақты ет,
Басылмады әлі саған құмарым!
Көктемдейін құлпырады жас жаным,
Жаздай жайнап жарқырайды аспаным!
Ей өмірім! Сенімімді тәрк етпе,
Әлі менің жазылар көп дастаным!
Арайлы атар таңың болып тұрайын,
Қуанайын мейлі тағы жылайын.
Ей өмірім! Сабырымды тұрақты ет,
Қолда барға шүкіршілік қылайын…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу