Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  170


Автор: Жібек Ысқақова

ӨМІР ШІРКІН

Өмір шіркін өтеді-ай қас қағым сәт,
Балғын бала кезіміз бал шақ қымбат.
Он алты мен жиырма бес жас арасы,
Жастық шағың ғажайып, сол шақ қымбат.
Жиырма бесті тойлаймыз қуана біз,
Ақ, қараны өмірде құп ала біз.
Отыз жасты дейміз-ау орда бұзар,
Орда бұзар жасқа бұл жұбана біз.
Қырық жаста дейді ма, «Қамал алар»,
Қамал алып ерекше дараланар.
Кірпіш болып қаланып дүниеге,
Бала өсіріп бақытын таба алар…!
Жарты ғасыр тойланар елу жаста,
Елу жаста өмірді көру басқа.
Алпыс, жетпіс, сексен де келер сосын,
Ден сау болып, амандық болса баста.
Аталар бар, әжелер тоқсандағы,
Мойымайтын келсе де тоқсандары.
Жүз жасаймын, тағы да жиырма жыл деп,
Шапалақпен үн қатар қос қолдары…!
Ал жүз жас ол ғасыр жас, ең жоғары,
Кейбіреуі жүз онға кеп қонады.
Бәрі Алланың қалауы, берген жасы,
Бір Құдайдан берілген жол торабы.
 Осылайша өтеді-ау өмір шіркін,
Бірде шат қып, бірде мұң көңіл кілтін.
Біреу келер өмірге, біреу кетер,
Қуантқызып, қайғыртып елін, жұртын…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу