Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  105


Автор: Жібек Ысқақова

ҒАЛАМТОРДЫҢ ӘЛЕГІ

Адамдардың араны ашылуда,
Ақша үшін алданып шашылуда.
Теңгелерін көбейтіп аламыз деп,
Миллиондарын біреуге асыруда.
Танымайтын біреуге сенеді анық,
Кредитке ақша алып береді анық.
Алданған соң желінің адамына,
Оны алып басқадан көреді анық.
Ғаламтордың әлегі басылмай тұр,
Алаяқтың ойыны осылмай тұр.
Құтылады айран, сүт ішкендері,
Тұтылады жай адам осылай бұл.
Ақырзаман есіктен енгендейін,
Бар жамандық сонымен келгендейін.
Адамдармен адамды араз қылып,
Үйіп-төгіп ренішті бергендейін…!
Сенеміз-ау әдемі сөздерге көп,
Жатсақ-тағы шырмалған кездерге кеп.
Басқасына тағы да ұрынамыз,
Келер алда ғажайып кездер де деп.
Үміт шіркін кеудеңде сән құрады,
Мұңайсаң да жаныңды ән қылады.
Үміт сөнбес өмір-ай, балдай тәтті,
Тосын сыймен ерекше таң қылады.
Сенбеңіздер ғаламтор адамына,
Көрінбейтін белгісіз қадамына.
Оңай жерден ақшаңыз еселенбес,
Сенсеңіэдер олардың талабына.
 Жақсы екен іс қылған маңдай термен,
Ақша келмес білсеңіз оңай жерден.
Екі қолға бір күрек табылады,
Өз өзіне жан болса өзі сенген…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу