Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
94

ҚУАНЫШ ПЕН ҚАЙҒЫ-МҰҢ
Қуаныш пен қайғы-мұң,
Егіз ұғым екен-ау.
Сырттай күлген адамның,
Іші оттан бетер-ау…!
Қуаныш пен қайғы-мұң,
Бірге жүрер заман бұл.
Бір кемі бар дүние,
Сәтсіз басқан қадам бұл.
Қуаныш пен қайғы-мұң,
Қосарланған өмір-ай.
Сәл нәрсеге өкпелеп,
Мұң жайлаған көңіл-ай…!
Қуаныш пен қайғы-мұң,
Есік ашқан бірлесіп.
Бірде шаттық, уайым бар,
Үлгермейсің тілдесіп.
Қуаныш пен қайғы-мұң,
Толқындатар жүректі.
Жинайсың-ау қуат, күш,
Жеңу үшін түнекті.
Қуаныш пен қайғы-мұң,
Бұл өмірдің заңындай.
Өтер, кетер бұл күндер,
Өмір-өзен, ағындай…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇