Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
37

ОУ, ЖҮРЕГІМ, УАЙЫМ ЖЕЙСІҢ НЕГЕ КӨП?!
Оу, жүрегім, уайым жейсің неге көп?!
Бұл өмірде бәрі жақсы деген жоқ.
Әрбір адам сырттай күліп тұрғанмен,
Іштерінен уайым-қайғы жеген көп…!
Оу, жүрегім, уайым жейсің неге көп?!
Бұл уайымың жайылуда белең боп.
Қарағанмен саған күліп кей адам,
Уайымдайды іштей ғана елең боп…!
Оу, жүрегім, уайым жейсің неге көп?!
Жүрмейсің бе, саңырау боп, керең боп.
Ана адамдар қайғысыз боп жүргенмен,
Жан жарасы жайылғандар терең боп…!
Оу, жүрегім, уайым жейсің неге көп?!
Уайымыңды көтеретін кемем жоқ.
Бар қайғыны сумен шайып тастайтын,
Су кетірер, уайымыңды, — деген жоқ.
Оу, жүрегім, уайым жейсің неге көп?!
Уақыт емші, — деген бар да, кетем жоқ.
Шығарсың-ау, Алла жазса бұдан да,
Өтерсің-ау, жүрсең мықты, бекем боп…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇