Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  55


Автор: Жібек Ысқақова

ЖАНАРЫМА ЖАС КЕЛДІ

Жанарыма жас келді,
Жан дүнием өртенді.
Ызғарлы боп күндерім,
Тартып алды көрпемді.
Бет қаратпай долы күн,
Ерімеді тоңы бір.
Тоңдырады жанымды,
Істің болмай оңы бір.
Іштей сыздап жүрегім,
Үзгендейін күдерін.
Сынақты күн қарайды,
Түріп алып білегін.
Жас тамшылап жанардан,
Сорғалап жас қадамнан.
Қалып қойды көңілім,
Өмірде кей адамнан…!
Күн жылуын таба алмай,
Шаттығымды ала алмай.
Қалып қойдым жапанда,
Пайдасы жоқ адамдай.
Мұңға толып жанарым,
Теріс болып қадамым.
Өз-өзімді баса алмай,
Іштей жанып барамын.
Өшіре алмай өртімді,
Кетіре алмай дертімді.
Қалғандаймын сенделіп,
Таба алмай мен еркімді.
 Қалдым торға шырмалып,
Шықсам, шығам шыңдалып.
Жаратқаным жар болшы,
Кетті жаным қиналып…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу