Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  23


Автор: Жібек Ысқақова

ЖҮРГЕНДЕЙМІН АДАСЫП

Мамыражай заманда,
Ісім түсіп жаманға.
Жүргендеймін адасып,
Жас үйріліп жанарға…
Күпті болып көңілім,
Істі болып өмірім.
Жүргендеймін адасып,
Шешіліп қап бөрігім.
Қате басып аңдамай,
Сендім жұмыс талғамай.
Жүргендеймін адасып,
Тосын сый қып жалған-ай…
Күн орнына бұлт келіп,
Тұманды күн күрт еніп.
Жүргендеймін адасып,
Жайдарлы күн сырт беріп.
Жан дүнием қайнайды,
Ішімде үн сайрайды.
Жүргендеймін адасып,
Есі ауысқан жандайды.
Жүргендеймін адасып,
Қиындықпен жанасып.
Беу, дүние-ай, мағанда,
Қойсаңшы бір қарасып…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу