Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  578


Автор: Жібек Ысқақова

ОН ЖЫЛДЫҚ ЕСКЕ АЛУ

(өтінішпен)
Өзіңіз ең әке, үйдің қорғаны,
Отбасының айнымайтын зор бағы.
Сіз кеткелі ортамыздан қапыда,
Он жыл өтті жанарға жас толғалы.
Жан әкешім мейірімге бай едің,
Жарық берер түнімізде ай едің.
Алға қарай жетелейтін баласын,
Үлгі болар Әкелерге сай едің...
 Абыройың асқақ еді, беделің,
Көп еді ғой біздерге әке, берерің.
Сүрінгенге сүйеу болып әкетай,
Құлағанның қолтығынан демэедің.
Әлі де әке боп тұрасыз келердей,
Күлім қағып есіктен сіз енердей.
Өзіңізбен әңгіме қып, қайтадан,
Көңіл шіркін үн қатады, көрердей.
Сіз кеткенде құлағандай тауымыз,
Қурағандай бақшамыз да, бауымыз.
Әке міне қаншама жыл өтсе де,
Жабырқайды сағыныштан жанымыз.
Кетсеңде әке, бізден алыс жырақтап,
Балаларың үмітіңді жүр ақтап.
Он жыл өтсін, мейлі өтсін жүз жиырма,
Жүректесің, қаласың сен тұрақтап.
Еске аламыз әке сізді сағынып,
Бұл берілген тағдырға біз бағынып.
Мейірімді, жаны жайсаң әке боп,
Жадымызда қаласың сен жаңғырып.
Өшпейді әке сенің жаққан шырағың,
Тоқтамайды сусындаған бұлағың.
Немерелер жалғайды әке күніңді,
Сізге арнап таусылмайтын жыр, әнін.
Жарық болсын әке жатқан жеріңіз,
Жұмақ болып паналайтын төріңіз.
Дұға етеміз еске алып біз сізді,
Жүректесіз мәңгілікке, сеніңіз!
Сағына еске алушылар: балалары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу