Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  147


Автор: Жібек Ысқақова

АСЫЛ АҒА ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ АҒА!

(Өтініш бойынша)
Көңіліңіз қандай аға сіздегі?
Сезіле ме, ғашықтықтың іздері?
Өнердегі қалай өзі ғашықтық?
Желі арқылы адал достық біздегі?!
Көңіліңіз алаң болып тұра ма?
Мейрамдарда шаттық үнін қыла ма?
Он бесінші ғашықтардың күні бұл,
Достық жүрек осыны аға, ұға ма?
Достық жүрек Сізге айтады еркелеп,
Махаббат ол адамдарға ең керек.
Ғашықтықтан арылмасын басыңыз,
Айналаны пәк сезіммен тербелеп...
Жүрегіңіз соға түссін, тоқтамай,
Достық жүрек, махаббатты сақтап-ай!
Бұл пәк сезім, сыйластықтың айнасы,
Тұрар әркез ғашықтықты жақтап-ай!
Жүрейікші, біз ағалы-қарындас,
Бұл достастық от болып та жағылмас.
Өнердегі ғашығыңыз тілейді,
Денсаулық пен бақыт, шаттық сарқылмас!
 Жанымыз бір ғашықтардың күнінде,
Бар жақсысын тілеп жүрер күніге.
Біз осылай адал жүрек, ниетпен,
Үн қосамыз Ғашықтардың күніне!
***
P.S
Асыл аға өмірге ғашық аға,
Әр күн сайын жүретін асылдана.
Жүзіңізден кетпесін күлкі дәйім,
Отбасыңыз аман боп, бала-шаға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу