Өлеңдер ✍️

АЛТЫН АҒАМ, ЖАН АҒАМ ЖҮРШІ АМАН
Омархан Алтынбекұлына
Өлең-жырға жаны құмар, ізгі адам,
Адалдықтың дара жолын бұзбаған.
Қиналғанға демеу болар әрдайым,
Алтын ағам, жан ағам жүрші аман.
Жарқырайды лағылдайын жаныңыз,
Ортамызда жүргеніңіз бағымыз.
Жауын болып себелейсіз, нұр болып,
Күйіп-жанып өртке айналса жанымыз.
Бәйтеректей сая болып келесіз,
Қолыңызда барды бөліп бересіз.
Соқса да бұл жойқын өмір дауылы,
Сынға сынбай, маржан сөзді тересіз.
Ақындардың ортасында жарқырап,
Ағын судай жүрсіз аға арқырап.
Өлең-жырдың құрылымын көресіз,
Пікір айтып, ортамызда талқылап.
«Өлең — сөздің патшасы» тобыңыз бар,
Жол бастайтын біздерге жөніңіз бар.
Жабырқаған жандарға жалау болар,
Қуат берер Алтындай сөзіңіз бар.
Бүгін міне аға туған күніңіз,
Таусылмасын әніңіз бен жырыңыз!
Көшбасшымыз болып аға, әрдайым,
Күліп-ойнап ортамызда жүріңіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇