Өлеңдер ✍️

Әйел-бағың,абыройың, сенімің де
Әйелге мейірімді үйіп берген,
Бау-бақшасын тәнті етіп, жиып берген.
Көрік берген, өн бойына көркем етіп,
Нәзіктігін қылдай ғып, құйып берген.
Әйелді сүю керек, сүю керек,
Ес-түссіз ғашықтықта күю бөлек.
Бар қалауын сезініп қымбат жанның,
Жан жылуын жүрекпен ұғу керек. 2-рет
Өмірдің қызғалдағы гүлі сынды,
Өмірдің шуақ шашар нұры сынды.
Әйел деген үйінді үлбіреткен,
Өрге тартқан бақ-береке, ырысынды.
Әйелді сүю керек, сүю керек,
Ес-түссіз ғашықтықта күю бөлек.
Бар қалауын сезініп қымбат жанның,
Жан жылуын жүрекпен ұғу керек.
Әйел-бағың, абыройың, сенімің де,
Асыратын беделін ерінің де.
Әйел деген ұйтқысы ол қашан дағы,
Шыңға шығар ер-азамат төрінің де.
Әйелді сүю керек, сүю керек,
Ес-түссіз ғашықтықта күю бөлек.
Бар қалауын сезініп қымбат жанның, 2-рет
Жан жылуын жүрекпен ұғу керек.
Айтбек Рымбекұлы Әліпов, Астана қаласы,
12 ақпан 2025 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇