Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2025
281
Үндеу
Өмірден алған өксігін
Өзеуреп жүрген өсті кім?
Өмірден көрген қызығың -
Өсіріп келген қыз-ұлың.
Өмірмен келген таласып
Өзімшілдің кейде жаны асыл.
"Өмірге өкпем жоқ!" деуде
Өркөкірек от кеуде.
Өмірге риза көп жандар,
Өзімен өзі болғандар...
Өмірге құштар тағы бір
Өз күйін күйттеп, бағып жүр.
Өмірмен таласқан мың кеуде
"Өзегім әлі тың!" деуде.
Өмірін жыр ғып жасынан
Өрт жасап біреу жасыннан.
"Өмірім сондай керемет!
Өзім икемдеп келем!" деп
Өмірін мәнді еткендер -
Өмір сүріп өткендер.
Өмірді тыңдап көрдің бе?!
Өміріңе көңіл бөлдің бе?!
Өмірден ала алдың ба?!
Өмірге үлес салдың ба?!
Өмірдің өн бойын аралап
Өттің бе жақсыны жағалап?!
Өмірге қандай назың бар?!
Өмірде жүрген АДАМЗАТ?!
Салтанат Абирова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇