Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.02.2025
697
М...
Жалғыздық тек Бір Аллаға жарасқан,
Өмір өзен құралатын ағыстан.
Мен сағынған көркем күндер кешегі
Қол былғайды өткен арман алыстан.
Сол күндерді сағынумен ұлың тұр,
Тұсауланған кісенейді құлын жыр.
Қара шаштар, шие ерін мен сүйген
Сағымдайын бұлыңғыр.
Қалса есте мен бір сүйген күндерім,
Жетелейді сол күндерге енді кім.
Махаббаттың бой тұмарын жоғалтқам
Тауып берсе сыйлығым бар кімде-кім.
Күңіренген бұлтты аспан жылауда,
Қайда сенің ғашығың деп сұрауда.
Сәби жүрек өзім сүйген ол бір қыз
Жасырынған бір
өлеңнің тұсында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇