Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.02.2025
443
Сен
Сұлу ару арманы талай елдің,
Нұр жүзіңе тұнғандай қарай бердім.
Қаламсапқа сыймаған сұлу бейне
Бір өлеңге жасырып арай бердің.
Балдай шуақ көзіңнен төгілгенде,
Қара шаштар ақ қайыңдай өрілгенде.
Махабаттың таң шығын ұмытамын
Нәзік ару шын сүйген көрінгенде.
Қаламсаптан тамғандай түрлі бояу,
Сені ғана жырлады бір күн ояу.
Бақытымның кілті сендей көрінеді
Жаныңа келсем болды бір күн таяу.
Нұр жүзіңнен ақша қар көрінеді,
Бір періште ойнайды көркіңдегі.
Жоғалтып алсам мейлі барлығында
Қайтадан сүйіп қалам бір күн сені.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇