Әңгімелер ✍️
Мені өмір өзі осы салаға алып келді
Әр түлектің қазіргі есіл-дерті мамандықты дұрыс таңдау. Жүрегің қалаған мамандықты өз өміріңмен байланыстыру. Мен таңдаған бал дәурен бала кезден армандаған мамандық - журналистика.Халық алдында жауапкершілігі мол мамандық. Бұл мамандықты таңдау барысы бәріне қызық екеніне кәміл сенемін. Өзіме , сонымен қатар жас түлектерге,осы мамандыққа қызығушылық танытып жатқан жандарға, жігер беру мақсатында, осы тақырыпқа сай , "Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің" 1ші курс студенті Еркежан Сансызбайдан сұқбат алдым.
- Еркежан, не үшін журналистика? Өзіңіздің таңдауыңыз ба ?
Әрине, өзімнің таңдауым. Әрбір нәрсеге бір нәрсе себепші болары хақ. Мені өмір өзі осы салаға алып келді: сахнада өнер көрсетуім, поэзияға құштарлығым, камера алдында еркін сөйлеуім – бәрі маған осы мамандық болашағым екенін ұғындырғандай.
- Бұл мамандыққа келуіңізге себепкер болған тұлға бар ма? Қай журналистті үлгі тұтасыз?
Қызығы бұл салаға келуіме себепкер болған қазақстандық емес, америкалық журналист. Опра Уинфрдің өмірбаяны мен журналистік қызметі туралы кітап оқып, бірден қызығушылығым оянды. Ішімде: “Қандай ғажап! Журналист деген осындай болады екен ғой, мен де теледидардан шығып, халықтың мұң-мұқтаждығын өтей аламынғой”, – деген ойлар қалыптасты.
- 11 сыныпта қандай қиындықтар туды? Ұбт/Емтихан
11-сынып оқитын әрбір түлек стресске түсіп, уайымдайтыны сөзсіз. Менде де сол сезім болды. Қорқыныш сезімі тұла бойымды кернеп кеткен кездерді жасырмаймын. Бірақ бізде бір жақсы тұсы бар: 5 пәнге дайындалу қажеттілігі жоқ, тек тарих пен оқу сауаттылығы. Ең негізгі 2 емтихан – шығармашыл адам екеніңді нағыз дәлелдейтін мүмкіндік. Мектеп кезімнен тынымсыз жарыстарға қатысқаным үлкен плюс болды.
- Қай сыныпта нақты журналист боламын деп шешім қабылдадыңыз?
Қателеспесем 7-8 сыныптар шамасы. Бұл таңдауыма еш өкінбеймін!
- Болашақта журналистика мамандығын таңдайтын түлектерге қандай кеңес айтасыз?
Журналист болу – бір бөлек, ал кәсіби журналист болу – мүлдем басқа дүние. Қазіргі уақытта блогерлердің өзі журналист қызметін атқарып жүргенін байқаймыз. Медиа саласында бәсеке көп. Әйтсе де, нағыз кәсібилік жетіспейді. Сондықтан айтарым: жұлдыз болуды емес, ең алдымен кәсіби маман болуды мақсат ету керек. Әрбір мүмкіндікті жібермей, оны дұрыс пайдалана білу маңызды.
Еркежан, сізге көп рақмет! "Жас журналистерге" пайдалы сұқбат болды деп ойлаймын.
Әділғазы Айша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇