Өлеңдер ✍️

  19.01.2025
  591


Тәуекел Нұрғиса

Қара қыз

Бір үмітті жақпай жатып сөндіріп, 


Ей махаббат, нестедің сен мен үшін. 


Қап-қара қыз, сезіміне көндігіп,


Жақсы көрдім түндерді,мен сен үшін.


 


Көңіліңе жолды тауып бара алмай, 


Жүрегіме үй тұрғызып, тастардан. 


Мына жерден, іздеп сені таба алмай, 


Күнде күтем, жұлдыз шашқан аспаннан.


 


Қағаз бетін шимай қылып қаламмен, 


Ойларымды, тарау-тарау жыр бөлеп. 


Армандаған ақ сезімге барам мен, 


Қап-қара қыз, сенің бейнең тым бөлек.


 


@ Тәуекел Нұрғиса




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу