Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.12.2024
596

Арман қала
Арқаның төсі гүлденді,
Сайын даламыз түрленді.
Есілдің ерке бойында,
Тербеліп әуен-жыр келді.
Қ-сы:
Ел көшін алға бастаған,
Бой көтерді жас қалам.
Тоғыз жолдың торабы,
Айбарлы қалам-Астанам!
?Бәйтерек көкпен таласқан,
Көркем ең неткен жарасқан!
Көк майса шалғын айналаң,
Ғимарат,үйлер сән ашқан.
Қ-сы:
Қазағымның ерлігі,
Көрінген дарқан кеңдігі.
Сарыарқаның төрінде,
Алты алаштың мақтаны,
Тәуелсіз елдің теңдігі.
?Шуағың нұрлы бас қалам,
Рухың биік басқадан.
Төрткүл дүние таниды,
Жасай бер ,ғажап Астанам!
Қ-сы.
Әліпов Айтбек Рымбекұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇