Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.12.2024
327
Қарағанды облысының қаласы
Қарағанды облысының қаласы,
Қараңызшы қандай көркем даласы.
Балқашымның көлі жатыр тербеліп,
Көз тартатын, баурап алар жағасы.
Қарағанды облысының қаласы,
Қараңызшы, Балқаштың баласы.
Туған жерім мына маған күш берген,
Тату-тәтті адамдардың арасы.
Қарағанды облысының қаласы,
Қараңызшы, қалалардың дарасы.
Қаламенен өсіп бірге, жанданар,
Адамдардың шүкірі бар, тобасы...!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter