Өлеңдер ✍️

  04.12.2024
  232


Автор: Балқаш қаласы

Балқаш десе Балқашым

Балқаш десе Балқашым,
Бір өзіне баурайтын.
Балқашы бар көлімен,
Бар жақсыны таңдайтын.

Балқаш десе Балқашым,
Маңызы зор қалам бұл.
Тұрғындары ғажайып,
Барын сыйлар далам бұл.

Балқаш десе Балқашым,
Арайлы атар таңымдай.
Беретін ем өзіңе,
Қолымдағы барымды-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу