24.11.2024
  624


Автор: Жібек Ысқақова

Ақ пен қара бір жүретін бұл өмір,
Сәл нәрседен қалатұғын бұл көңіл.
Аппақ жүрек игі жандар барында,
Асқар таудай үн қатады бұл сенім.
Қара жүрек,  ниеті арам жандар бар,
Іздеп тұрар бойыңдағы бар кемін.

***

Көптеп болсын өмірдің ақ тұстары,
Өтсе-дағы жазы менен қыстары.
Қара түнек, сынды сәттер келсе де,
Берілмейік өмірдің бұл қыспағы....

***


Баршаңызға тілеймін бақ өмірді,
Кір шалмасын нәзік жүрек, көңілді.
Кітапқұмар достар алға баса бер,
Биік ұстап өз-өзіңе сенімді

***

Асқақ арман жетелейді мұратқа,
Арманыңның биігінде тұрақта! 

***

Арман болсын серігің,
Өзіңе боп сенімің! 

***

Өмір десек арманы көп нысанаң,
Нысанаңа жету үшін босамаң! 
Бойыңдағы сеніміңді қамшыла,
Түрлі оймен қорқып жолды тұсамаң! 

***

Бойыңдағы жігеріңнің барында,
Биікке өрле, кең дүниеде тарылма! 
Нысанаңа жеткеніңше,  арманға,
Алға қарай тоқтамай сен адымда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу