Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  323


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

ТЫНЫШТАЛСЫН ЖҮРЕГІҢ..?☝️


Тыныштықты жүрек тауып,ауылдан…
Ләззат алдым,туған туыс бауырдан.
Сағынғанын сездірем деп.,ата анаң,
Бақыт екен шығып тұрса,алдыңнан..

Қоңыр салқын желі қандай жағымды,
Сағыныппын отқа піскен нанымды.
Қазандағы еттің иісін сезінсең,
Ауыл екен бақытты еткен жанымды…

Жаным Жаным Ел жаққа..
Кеттік бірге мен жаққа.
Отырайық кел Атқа..
Ән айтайық кең жақта,
Жүрегіңе тыныштық,
Іздесеңдер мен жақта,..

Жаным Жаным Жүрегім..
Қалауыңды білемін..
Ауылымның ауасын,
Жұтсам өмір сүремін.
Кеттік досым Ауылға,
Тынышталсын Жүрегің..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу