Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  356


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

Ақылды Әйелдерге!!!

(Құрманай Бахтиярқызы..26.08.2024)

Ақыл”- деген біреу үшін азық қой,,
Ақылдының құшақтары жазық қой.
Пейіліңді кеңге тастап жүрмесең,
“Ақылыңның керегі жоқ”- жазып қой..

Сен мен үшін ақылдысың данасың,
Себебі сен қостың әулет арасын.
Екі елді бірдей ұстап ақылың,
Керек жерде аузыңды да жабасың.

Ақыл деген жолаушы боп келеді,
Ұстап қалсаң,сонда жеміс береді.
Тәккапар боп,менсінбесең ақылды,
Жерге тығып,ақымақтар жеңеді.

Ақыл деген көркіңе сай болғанда,
Қол жетеді САНА деген қорғанға.
Ойланудың өзі өнер ақылмен,
Өз өзіңмен оңаша бір қалғанда..

Ақыл келер уақытта белгілі,
Іштен сезу пенделердің ерлігі.
Ақылдымын деп айғайлап қойсаңдар,
Өлшенеді ақымақпен теңдігі.

Ақыл деген қадамыңның айнасы.
Ұшан теңіз ақылыңның пайдасы,
Тек орнымен қолданғанға бақ сыйлар,
Жақсы амал,ақылдының айласы..

Ақылдыдан жақсы сөздер шығады,
Тек ақылды сөйлетпей ақ ұғады.
Ақымаққа сойлеп шаршап жүргенше,
Ақылды жан үндемей ақ тұрады..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ұлбазар
Ұлбазар 19.11.2024 23:45
Таныстыру

Пікір жазу