Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  376


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

Жаным балам

Жаным балам бірегейім біреуім,
Бір Алладан қабыл болсын тілеуім
Биік ұшқан құс боп,шарлап Әлемді,
Деп атыңды СҰҢҚАР қойдым жүрегім..

Жүрегімнің соғуына себепсің,
Жалғыз ұлым сен өзіме керексің.
Қандай қиын болсадағы тағдырым,
Сен мәңгілік жұбататын бөбексің..

Есейсеңде сен сәбисің анаға,
Алға жүрші еш артыңа қарама.
Өткеніне өкінбейтін жігіт бол,
Иманыңмен ұя салып санаңа.

Екі қызым жәрдем берген жандарым,
Сол қыздардың бағы жансын арманым.
Сағынышпен бір біріңді іздейтін,
Сынақтыңда берсін жеңіл салмағын..

Иә балам бұл жалғанда сынақтар,
Тосын келсе бас көтеріп шыдап қал.
Көтермейтін сынақ бермес Тәңірім,
Тек сөнбесін үміт деген шырақтар..

Жалғыз ғана бәйтерекке нәр берген,
Анаң болам тіршілікте жан берген.
Сенің өсіп бұтақтарың көбейсе,
Ұрпағыма үлгі әже боп,сән берем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу