Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  312


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

Барлық Әжелердің ақ жүрегінен ақтарылған Немерелеріне деген махаббаты!!!!

Шукір Алла,лайықты бақыт бердің өзіме,
Не сұрасам мән беріппін сөзіме.
Осы бақтан айырмастан ғұмырлы ет,
Аман болсын көрінгендер көзіме..

Шукір дедім аяқ қолым бүтін деп,
Қара шаңырақ,тарқамаған құтым деп.
Қонақжаймын қонағыммен мақтандым,
Адамға емес тек Аллаға ақталдым..

Шукір дедім перзенттерім саналы..
Бақыт екен табылған соң адамы.
Шукір Алла немерені иіскеттің,
Осы екен,ғажап өмір ғаламы.

Шукір Алла достан кенде қылмадың,
Сенің арқаң аман есен тұрғаным.
Жекжат бердің жанашыр ғып,жаныма,
Шукір тоба,ағайынның барына.

Шукір Шукір Тоба дедім ойланып,Жалғыздықпен қиындықты ойға алып.
О бастан ақ,Алла бірге екенін,
Сезген кезде өлең жаздым толғанып..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу