Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.11.2024
99
Періште емес пендеміз.
Иә, досым,
араластым тірлігіне өзгенің,
Дей көрмеші, осы нені көздедің.
Қатем де көп, Ұлы Алланың алдында,
Мен өйткені, періште емес, пендемін.
Шарам бітіп, таусылғандай сөздерім,
Кейбір кезде жолсыздыққа төзбедім.
Мүмкін, мені кінәлар да, сол үшін,
Өйткені мен, періште емес, пендемін.
Кейбіреудің мұңға толы көздерін,
Сезінсем де,мен өтірік көрмедім.
Амалым не, қолдан келер, қайран жоқ,
Мен өйткені, періште емес, пендемін.
Көп адамға сенімсізбін, сенбедім,
Аз болмады, көрмегеннен, көргенім.
Қатем болса, Аллам өзі кешірер,
Өйткені мен, періште емес, пендемін.
Солай досым, деме нені көздедің,
Менің ішкі жан-дүниемді сезбедің,
Күнәларым ар алдында жетерлік,
Мен өйткені, періште емес, пендемін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter