Өлеңдер ✍️

  05.11.2024
  111


Автор: Омархан Алтынбекұлы

ХАН ТӘҢІРДІҢ МҰЗБАЛАҒЫ

 


Қысқы аяз шымшып ойнап бет қарып,
Жатқандай ма аға сені еске алып.
Көк жүзінде сен іздеген Мұзбалақ,
Ұшып кетті Хан Тәңірді бетке алып.


Алматымда қалықтайды ән -жырың,
Көрсеттің-ау дүниенің тарлығын.
Кете бардың нағыз жігіт шағыңда,
Тәрк еттің де мына өмірдің барлығын.


Көп еді аға бергеніңнен берерің,
Халқың қалды біле алмастан себебін.
Шабыттанып сенің жазған жырыңнан,
Жас ақындар алып жатыр керегін.


Қырық бес жыл болды өмірден өткелі,
Жыр жазудан саған ешкім жетпеді.
Көк жүзінде қалықтаған мұзбалақ,
Өзіңді іздеп Хан Тәңірге беттеді.


Сен туылған борандатқан ақпанда,
Кедергілер сені алдыңнан тосқан ба?!
Рухани жырларыңмен бұл күні,
Толар едің ақын аға тоқсанға.


Жас ғұмырың аға, босқа өтпеді,
Жырларыңмен биік едің өйткені,
Заман жылан аяғыңа тұсау сап,
Қанша сені қақанымен шеткері.


Кітаптарың әр қазақтың төрінде,
Ерте солды, іңкәр жүрек өмірге.
Мұзбалақ боп қалықтаған жырларың
Шарықтайды Алматының көгінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу