Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.11.2024
120
НАУРЫЗ- КӨКТЕМ
Жер ана киіп шекпенін,
Жаңбырлы нұрын төккенін,
Күн менен түн теңесіп,
Қош келдің Наурыз көктемім!
Шуағын төгіп көгімнен,
Күн нұры жерге төгілген.
Жаңа жылым жайғастың,
Орын алып төрімнен.
Көңілге түрлі күй сіңіп,
Қарттарым жүр сүйсініп,
Жаңа жылға қуанып,
Жер Ана жатыр исініп.
Көк мұнар көкте көлбеген,
Ән-жырмен елді тербеген,
Наурыз көже таратып,
Бөлісіп жатыр елменен.
Дән егіп дихан терлеген,
Төрт түлік малы төлдеген.
Ойнақтап бота, құлыншақ,
Жарысқан жүйрік желмен.
Самарқанның еріп көк тасы,
Наурыз келді жыл басы!
Бәйшешек болып гүлдеген,
Ананың тамған көз жасы.
Киіз үй тігіп жайлауға,
Көкпарын тартып қойнауда,
Арқан тартып, қыз қуып,
Наурыз тойын тойлауда!
Тойлансын Наурыз дүрмекпен!
Жабайын мен де жыр - шекпен,
Аман етіп халқымды,
Сақтасын Аллам індеттен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter