05.11.2024
  267


Автор: Жібек Ысқақова


Кітап — жарық ғалам,
Қабылдаса санаң.

***

Кітап — алтын қазына,
Тұншықтырмас сазына...

***

Кітап — білім бастауы,
Еңбек оны қоштауы.
Сабыр берер шексіздік,
Артта қалып епсіздік!

***

Кітап — өмір тынысы,
Оңды оның жүрісі.

***

Кітап — жүрек үні,
Өмір тірек гүлі.
Кітап оқы, жалықпа,
Түсінсеңіз мұны...

***

Кітап — айдын,
жарқыратар көңілді,
Білім — айқын,
жандандырар өмірді...!

***

Кітапсыз — өмір қараңғы,
Жарық әлем алыстар.
Білімсіз — көңіл қараңғы,
Зейнетің оңбас табыстар...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу