05.11.2024
  207


Автор: Жібек Ысқақова

Оян, жастар! Жан-жағыңа қарайла,
Үлгі болғын, достарыңа, талайға!

***

Үлкендерге құрмет жоқ, болған заман!
Алдау, арбау әр ісі болған адам!

***

Көзіміз бар көрмейміз!
Үлкенге орын бермейміз!
Естімейтін құлақ бар,
Игі істерден жырақтар!

***

Жастар елдің ертеңі,
Сұлуланар көркемі.
Құрмет етсе үлкенге,
Өсер биік өркені...!

***

Жастар деймін — жас шыбық,
Жел соққанда майысар.
Жын кірмесін бойына,
Қабырғамыз қайысар.

***

Жастар жаны тұп-тұнық,
Мөлдір таза бұлақтай.
Жастар алға бастасын,
Еңсемізді құлатпай!

***

Саналы жас көбейсін,
Үлкендерді құрметтер.
Жастар болашағымыз,
Ертеңгі бұл күнді ептер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу