Өлеңдер ✍️

  31.10.2024
  189


Автор: Қайрат Нұрболат Қайратұлы

Кімге керек?


Мен кетермін бір күні келмесіме,

Жылап жүрме,өкініп, іздеп жүрме.

Сенен басқа ешкімді сүймеймін деп,

Қабірімді құшақтап жылап жүрме.


Өкірерсің бір күні өкінерсің,

Мен кеткенде үйіме іздеп келме.

Сен жүрерсің жер теуіп,бүкірейіп,

Орамалды беліңе байлап алып.


Сен кетерсің одан соң келмесіңе,

Жылап жүріп,сүрініп,құлап жүріп.

Сенен басқа ешкімді сүймедім деп,

О дүниеде құшақтап жылап жүрме. 



Мен өлгесін еңіреуің кімге керек,

Күйеуің жоқ қасыңдағы күйеуің жоқ.

Сен өлгесін еңіреуім кімге керек,

Қасымда адал жарым жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу