Эсселер ✍️

  31.10.2024
  13


Автор: Жезқазған қаласы

Жезқазғаным Қазағым үшін маңызы зор қала

Ия, Жезқазған қаласы жайлы айта берсек, қала туралы айтылатын әңгіменің көптігі соншалық, жазуға қағаз жетпейді десек қата айтпағанымыз болар. Қаланың іргетасы 1939 жылы қаланған, ал «қала» деген статусқа ие болған жылы 1954 жыл болып табылады. Ұлытау облысының орталығына айналған еліміз үшін маңызы зор, Кеншілер мен құрылысшылардың алғашқы қоныстануымен пайда болған қала. Қалада қазақтар, орыстар, башқұрттар, украиндар, немістер, татарлар сияқты ұлт өкілдері тұрады. Қазағымның өкілдері, яғни қазақтардың 70% пайызын құрайтын Жезқазған қаласын Қазақтардың нағыз туған жері деуге де болады. Жезқазған қаласысымен мақтанамыз. Қаланың әрбір тынысы, алға қарай бастап жатқан әрбір жүрісі мен қызымет, жұмыстары Жезді қаланың қарқынды дамып жатқандығын біле аламыз. Жезқазған жерінен көптеген Кеншілер мен өнер тапқыштар, талантты ақын-жазушылар мен өз туған жерлерін сүйетін Қазақтың нағыз патриотты адамдар тұратын Қаламыз.
Қала тұрғындары 2023 жылдың санағы бойынша 89070 адамды құрайды. Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар. Қалада 2007 жылға 1 қаңтар күнінің санағы бойынша 1133 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 13 ірі, 58 орта, 1062 шағын субъектілер жұмыс жасауда.
Осындай тарихы тереңге жайылған Жезқазған қаласымен әрине мақтанамыз....! Жасай бер, менің Жезді қалам Жезқазған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу