Эсселер ✍️

  31.10.2024
  14


Автор: Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы — еліміздіің орталығына қарай, Ұлытау жерінде орналасқан 1954 жылы құрылған қала. Бүл күні Ұлытау облысының орталығы
Жезқазған — Қазақстанның мысты, мысы көп, қазыналы даласы бар қала. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей байланысты болып табылады. Тарих беттерін ақтарар болсақ, қаланың алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды. Міне, алғашында кешілер мен құрылысшылардың мекені болған Жезқазған қаласы өзінің жер асты қазба байлықтарымен танылып, Қазақстан жерінің бай екендігін көрсеткен.
«Жезқазған мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған» деседі. Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Сонау жылдардан халықтың жадында сақталып, бүгінге жеткені жергілікті жер атауы – Жезқазған»
Қаланың аты айтып тұрғандай, Жезқазған қаласын жоғарыда айтылғандай қазба байлықтары арқылы өте танымал қала десек болады. Кеншілер мекені. Ұлытау жері. Бұл әрине жезді қалам — Жезқазған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу