06.10.2024
52
Құттықтаймын бүгін туған күніңмен!
Жаны нәзік жан ізгі, жадырайтын,
Бар жақсыны тілейтін отбасына.
Жанұяның ұйытқысы әйел—ана,
Мың жұмысты байлаған арқасына.
Сол бір жанның бүгінгі туған күні,
Құтты болсын, көңілі түспесін еш.
Бар жақсыны тілеймін шын жүректен,
Жамандықты көрмесін өмірде еш.
Құтты болсын туған күн, мерекесі,
Арта берсін қуаныш, бақыты көп.
Жаратқаным жар болып әрқашанда,
Қуанышқа тола берсін уақыты көп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter