Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2024
156
Қызылордам сен барда
Қызылордам сен барда,
Жайлы менің көңілім.
Сенде жүрсем артады,
Өз өзіме сенімім!
Қызылордам сен барда,
Жарқыраймын, жанамын.
Кетсем сенен жырақтап,
Сағынышпен барамын.
Қызылордам сен барда,
Бар жақсыны білемін.
Бәрі жақсы болсын деп,
Сені ойлаумен жүремін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter