Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2024
125
Туған жерім Жаңаөзен
Туған жерім Жаңаөзен,
Газ, мұнайлы кең далам.
Алыстасам өзіңнен,
Суретіңе зер салам.
Бақыттымын расында,
Сенде туып, сенде өстім.
Әр жүректің үнімен,
Қосарлана үндестім.
Жаңаөзенім сен десе,
Болар жаным шығардай.
Сені ойлай беремін,
Жүрегіммен жыр арнай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter