Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.09.2024
113
Ән-жырымсың Алматым
Ән-жырымсың Алматым,
Орын алар жүректен.
Таулы аймақ мекенің,
Санамызды тың еткен.
Шымбұлағың ғажайып,
Жаулап алар жаныңды.
Жақсы көрем өзіңді,
Арайлы атар таңымды.
Көктемімсің, жазымсың
Өмірімді гүлді еткен.
Бар жақсыны тілеймін,
Өзіңе шын жүректен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter