Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2024
123
Ұзатылу тойыңа
Ұзатылу тойыңда қимай тұрмын,
Ақ жол тілеп өзіңе қызым менің.
Бақытты бол, жарығым тілегім сол,
Күлімдесін әрдайым жүзің сенің.
Оу жамағат тілеңіз ақ тілекті,
Ұзатылып бара жатыр қызым менің.
Мен отырмын ішімнен қимай оны,
Қуанғанмен, жадырап, жүзімде мұң.
Не дерімді білмеймін, қимай тұрмын,
Қызғалдағым, асылым қызым менің.
Барған жерде шаттығың ортаймасын,
Жылу беріп шырайлы жүзіңде күн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter