Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2024
40
Менің қызым ұзатылып барады
Менің қызым ұзатылып барады,
Мұңға салып іштей менің жанымды.
Көңілімді жаулап алды қимастық,
Түсенетін жан бар ма екен халімді.
Қайын жұрттың отын барып жағады,
Ұзатылған қызым менің алтыным.
Қала бердім сыңсу айтып артыңнан,
Сені ойлаумен өтіп қызым әр күнім.
Сенсіз үйдің жоғалғандай сәні бұл,
Ауырады сыздап менің жүрегім.
Барған жерде бағың жансын, қызым деп,
Бар жақсыны мен өзіңе тіледім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter