Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2024
213
Сен кеткелі
Сынғандай менің еңсерім
Өкініш өртеп кеудені
Қоштастық бекер қайтейін
Шын сүйіп едім мен сені
Айналғанмын бос кеуде бос адамға
Бұрынғыдай шаттану жоғалғанда
Сүйіп едім мен сені гүлге теңеп
Сол гүлім қайта қурап тапталған ба?
Сен кеткелі қадам баспай армандарға
Ұмытамын деген құр уәде барда
Жақында мен жоғалсам бұл өмірден
Ештеңеге таңданба таңырқама
Сен кеткелі өмірге шаруамда жоқ
Қара молам күтіп тұрар амалдар көп
Мұңға толған жанармен қараудамын
Басқаны ойлауға шамамда жоқ
Мені қойшы ұмытқансың баяғыда
Бақыт құсым басқадан жай таптыңба?
Мен үшін қандай бақыт сендей жанмен
Бір ауаны жұтып жүрген бір уақытта
Алғысым шексіз саған бәрі үшін
Шынайы күлдірген кезің үшін
Сенімен ғана шынайы тірілемін...
Алғысым шексіз саған... Бәрі үшін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇