Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  97


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жақындарға (Группа)

Мен бұрын бұны мүлде сезбеппін ғой,


Көру керек кездерде көрмей қалам.


Бұл өмір барлығын берген емес,


Білмеймін маған көңіл бөлмей қалған.


Түрлі бағыт кездесіп түрлі тағдыр


Бұл өмір барлығын құрып қойған


Теңіз болып барлығын бірге бастап


Асып түсер жансыңдар әр мұхиттан


Күндер өтіп барлығы аяқталып


Толасыңдар тереңдеп топан судан


Айналдыңдар барлығың туысқаным


Сендер барда мен неге тұншығамын


Көзімді сендер ашқан бұлақ едім


Білмеймін қай бағытта мен тынамын


Ал менде жай ғана өлең арнау


Білмеймін не күтерін бұл тағдырдан


Өмірдің сынағынан асып тасып


Мен бір күні бәрінен айырылам-ау...


Күнмен бірге таласып көк аспанға


Көк аспанға ешкімде жете алмаған


Мен білетін жандар бар бұл өмірде


Асып түсіп кететін Ай-жұлдыздан


Тоғыстырып өздеріңдей жарық күнмен


Қалмаспын жалғызсырап жалғыз түнмен


Өздеріңмен болмайды жаным мұңды,


Жоғалып кетсекте біз бір күні.


Осы жырым жүректерде қалып қалсын,


Бақидан алғаныңша шақыртуды...


Осы жырым жүректерде қалып қалсын


Бақидан алғаныңша шақыртуды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу