Эсселер ✍️

  08.07.2024
  42


Кітап оқу мен оның пайдасы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бір.Қазіргі қоғамда саны бар сапасы жоқ немесе оны оқыйтын оқырманы жоқ кітаптар көп.Шынымды айтсам білім қазынасының қадірірінің қашқанына қарным ашады.Көпке топырақ шашқым келмейді,кітап сүйер адамдар аз емес,тек солардың қатарын көбейтсек.21-ші ғасырда даму үшін кітап оқу керектірін естеріңізге салғым келеді.


Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу