Өлеңдер ✍️

  07.07.2024
  71


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Президенке


Көрінсе, ер-ден қаһар ерекше бек,
Қалады сан себеппен, өлексе боп.
Бүгінде, құқық қорғау есігінде,
Аналар, жүр ертеңді елесе деп!


Күйіктен, өзін қанға малындырған,
Тағы да, сол аналар жаны құрбан!
Астында, таптап көбі ақиқатты,
Тексіз көп, төмен көрген, ар-ын пұлдан!


Тектіден, текті ғана жаралады,
Болмас па, ісі, ізі дара бәрі?
Ер батыр, Жолбарыстың ұрпағы ең,
Құлаққа, жетпей жүр ме, дала зары?!


Аңсаған Кемел батыр, ұлт бірлігін,
Жаулаған сыбайластар, бұлт күн бүгін!
Арманы жазушының осы ма еді?
Бар болса, сүймес елдің бұл тірлігін.


Жесірін, жетімін де, жылатпаған,
Қазақ еш, қыз көңілін құлатпаған.
Еріксіз, ҚҚ- орган аралатып,
Көрсетті, қызметтерін сынақ маған!


Тартады, төскейдегі бар мұраны,
Тым бөтен!
Секілді сұм арғымағы.
Қарайтын заңға, жанға пенде барма?
Елдегі, аш бөрідей жаудың бәрі!


Қашанғы ана байғұс сынақ құшпақ?
Ел керек, көрсететін шуақ нұсқап.
Аналар, мұң арқалап түзде емес,
Отырсын, үйде қазан құлақ ұстап.


Полиция, прокурорлар ел қорғаны,
Ақ болса, ел дертіне, ем қонғаны.
Қазақтың әр анасын, әр баласын,
Сыйласа, бағы батпен ер болғаны!


Лайық, ел болайық мақтануға,
Жұртыңыз жыламасын, бақ табуда.
Әулие, батырлардың ұрпағы едік,
Әкеге, разы Алла, тартқан ұлға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу