06.07.2024
  37


Автор: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мәдениет барында

Қазағымды қазақ етіп тұрған, қазақтың түп тамырын көрсетіп, басқа әлемге қызықтырып отырған еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріміз деп білемін. Мәдениет деп нені айта аламыз, деген сұраққа жауап беретін болсам, қазақ елі сонау мәдениеті бай бабалардан қалған ерекше қасиетке ие. Қолөнер жағынан болсын, саздан, балшықтан мүсіндер жасау жағынан болсын ерекше көрініске ие. Суретшілер бар, әнші биші, ақындар жыршылар, айтыскерлер бар барлығы да біздің мәдениетіміздің жоғары дамыған бейнесін көрсетіп отырғандай. Мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз барында біз қазақпыз, қазақтықты айқындайтын ерекше көрініс осы мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз деп білемін.
Әрбір Қазақтың баласы мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді насихаттап, өз отбасында, араласып жүрген өз орталарында айтып, насихаттап жүрсе біздің елдің болашағының жарқын болатыны айдан анық. Ендеше, мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз, ұлттық құндылықтарымыз жандана берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу