Эсселер ✍️

  06.07.2024
  24


Автор: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мәдениет қазақтықтың айнасы

Ия, расымен де мәдениет деген ұғымға тереңінен үңілер болсақ қазақтың сонау ата-бабаларының кезеңінен жалғасып келе жатқан үрдісіне куә боламыз. Тарих беттеріне үңілер болсақ сонау сақ, ғұн дәуірінде өмір сүрген халық тастарды қашап сурет салған. Ол кездері қалам мен парақ қайдан болсын, тасты ойып аң құстардың бейнелерін айнытпай салып отырған. Саз балшықтан түрлі ыдыстар жасап, құмыраларды айнытпай құрастырған. Бұлардың барлығы қазіргі технологиясы дамыған заманның бастауындай еді. Ия, қазіргі заманда барлығын технология жасап, адамдар қолөнерден, жазу сызудан ақсап қалды десек те, ел мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып, елді алға бастап жүрген, мәдениетімізді насихаттап жүрген жандар аз емес. Олардың қолынан шыққан құнды дүниелер адамдарға жақсы әсерлерін қалдыруда.
Мәдениет адамдарды бір ерекше, ғажайып әлемге жетелейтін нәрсе. Қолөнердің сыйқырын көзбен тамашалап, қолмен ұстау арқылы бір ғажайыпқа жетелейтін құндылық. Осы құндылықтарды насихаттау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білу әрбір қазақтың парызы деп ойлаймын. Ендеше, мәдениетіміздің дамуы жолында бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білейік. Мәдениетіміздің айқын көріністері жоғалмасын! Қазақтың мәдениеті мен салт дәстүрлері жасай берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу