05.07.2024
  26


Автор: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мәдениет күні бұл, салт-дәстүрдің

Мәдениет күні бұл, салт-дәстүрдің,
Құтты болсын Қазағым, құтты болсын!
Жарқырай түс мәдениет қызметкері,
Әрқашанда денсаулық мықты болсын!

Жандансыншы салтымыз, дәстүріміз,
Ата-баба ізімен алға бастап.
Құтты болсын өнердің иелері,
Қос мереке кеп жеткен екі жақтап.

Мәдениетті шығарып заңғар шыңға,
Салт-дәстүрлер басташы бізге жақ боп.
Жарқырай бер жандана, арқырай бер,
Бар жақсылық сендерге әркез тап боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу