19.06.2024
  283


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 13 бөлім


Басымды көтере сала жер сипап телефонымды іздеген болдым , бірақ таппадым. Айнала тастай қараңғы ма? Анау бір сығырайған саңылаудан түскен жарық көрінді. Сүйретіліп алып сонда жеттім.
Көз ұшындағы үстелде теріс қарап біреу отыр. Аяғының тырнағын қырқып отырма білмеймін, әйтеуір екі аяғын кезек- кезек жинап созады.
Ее , мынау менің жігітім ғой,-деппін іштей күбірлеп. Терезедегі пердеден түнгі қалаға қарап бұл неғып отыр екен?
Айтқандай мені бір шапалақпен ұшырып жіберген осы еді ғой.
Саусағымды тығып есікті аштым. Қымбат пәтердің, ауыр қымбат есігі шиқылдап барып ашылғанда жігітім жалт қарады.
Сонан соң атып тұрды да жетіп келіп, қолтығымнан демеп мені орнымнан тұрғызды. Мен бейбақ сонда ғана анық көрдім " жігітімнің " бет жүзін көзінен аққан жас тамшылары шайып тұр екен.
Оған не дейін өзімнің шапалақ тиген бетім де оңып тұрған жоқ , біртүрлі ұйып қалғандай күйде.
- Есіңді жиған болсаң менің жаныма отыр. Бірақ, пердені ашпа , - дейді жайбарақат қана басымнан сипап.
Бұл қатыгез қатын мені ұрып-соғып тастап , енді дым көрмегендей басымнан сипағанын қарашы.
Құрсын өлім дегенің осындай ма екен ? Шарт етіп бір шапалақ тигенін білемін әрі қарай ештеңе есіме түспей тұр. Онан беріде біраз уақыт өтіпті, тіпті түн көрпесін жамылған тастай қараңғы . Адам өлгенде осындай болатын шығар, сірә ?
Өлді , өштің деп бекерге айтпайды ғой жұрт.
- Пердені қозғама жаным , - деп тағы да қайталады.
Оны неге айтты десем анау даладағы жарық шамдарға көз жүгіртсем керек.
Себебі бір саусақ сиятындай екі перденің арасына басымыз сыймай түйісіп қалды.
Қайтейін ұйқымнан жаңа оянғандай күйде болған соң, менің де қарағым келді ғой.
Оның үстіне бөлменің ішінің жарығын сөндіріп тастаған , жарық дегенің холлда ғана бар.
Сонда мен қолымды ербеңдетіп басымды сипаған болдым, оным шаш жинайтын түйрегішімді іздегенім еді.
- Іздегенің әне, анау үстелде тұр , жаймен барып бет-жүзіңді жуып, шашыңды жинап кеп отыр , - деп бұйырды.
Сүйретіліп барып душқа кіріп айнаға қарасам сол жақ бетім қызғыш тартып кетіпті , әсте зәрлі шапалақтың зардабы болса керек.
Қысқасы жігітім айтқанның бәрін жасап қайта келіп жанына жайғастым.
- Жаным ау көзіңе үңіліп қарағым келіп тұр , бірақ бөлменің іші қараңғы да , - деп иығыма қолын салды.
- Өзің ұрып өзің қарайсың ба , - деп бұртидым.
- Жә болды енді. Бір шапалақ деген таяқ па сонда , кубикте жатқанда таяқ жегендердің талайын көзіңмен көрдің ғой өзің , - дейді.
- Бұл бостандық , бұл түрме емес , - деп айтып салдым.
- Жарайды, не болса да өзіңнен болғанын ұмытпа . Мен саған тағы да айтамын мына біздің жүмыста асығыстық пен ағаттық жасаған болмайды. Өйткені біздіе тапсырма қателік жасағанды кешірмейді.Мұндайда мүлт кетпей баспен ойлап ақылмен шешіп ісімізді бітіру керекпіз сонда ғана менің де әкемнің де аман қалуға мүмкіндігі бар , - дейді.
Әә бәсе , таяқ жесем әкем үшін жеген екенмін ғой мен бейбақ.
Шабалаңдап шап бергенім есімде қалыпты.
Бірақ бұл кубиктегі төмпештегеннің алдында түк емес қой. Ол жерде ... Құдай сақтасын қабырғаңды сөгіп қолыңа береді. Олар менің көз алдымнан кинодағыдай өтіп жатыр.
Кенеттен " ақыл есіңді жидың ба жаным " деген құлағымның түбінен дыбыс шықты.
Басымды көтеріп алара қарадым.
- Алдағы апта жоғарыдан комиссия келеді. Апта деймін ау , әрісі он бес күн. Осы он бес күннің ішінде басталатын былық басталап , бітетін былық бітеді. Сондай ақ осы он бес күнде біраз адамның тағдыры шешіледі , ең басты кейіпкер сенің әкең болмақ. Мүмкін сен білерсің , мүмкін білмессің әкеңнің опырып жегенін дүйім жұрт біледі. Енді соған жауап беретін кез келді. Бірақ әкең жалғыз жеген жоқ , жоғарыдағылармен бөлісіп жеді. Әне сол бөліскендер осы күні арттарын жабу үшін жанталасып бағуда.
Сен ғой байқамайтын шығарсың алайда желдің қай беткейден соғып тұрғанын , мен өзім сезіп отырмын. Ал енді мына жерден үңіліп қарашы , анау әне шеткеріде тұрған ақ түсті көлікті көрдің бе ? Бағандардағы жарығымен жылтылдап тұрған , - деп сен қара дегендей басын тарта берді.
Арасында кішкентай саңылау бар екі перденің ортасынан көз жүгірттім. Ойбай рас ау , жігітім айтқандай аппақ көлік көз ұшында тұрғаны рас екен. Өзі де қаз қатар көліктер тұратын автотұрақтың шеткісі болып тұр. Көзім алмайтын соқыр епеспін немесе қаусаған кәрі емеспін ғой ;
- Көрдім жаным көрдім , деп басымды бұға бердім.
- Иә жаным , сен де көлікті көрдің. Енді , сол көліктен көз алмай бірер минут қарап отыра тұр , зып беріп кетіп қалмасын , мен барып екеумізге Кофе құйып келейін , - деген жігітім орнынан тұрып кетті.
Саңылау аралаықтан тағы да қарадым. Алайда ақ түсті көлікт тұрғанын көргенім болмаса басқа ештеңе байқай алмадым. Онан әріде үлкен жолдан өтіп қайтқан көліктер бар. Шамдары жалақтап жүйткіп жатыр. Құдай ау тұрақтағы көлікке телміріп отырғанның несі қызық ?
Мұндайда көзің талып ішің пысып кетпей ма ?
- Қап ай а , қараңғыда құямын деп Кофені төгіп алғанын қарашы деп алақанын сипап жігітім жетті.
Дәмді ғып қант салып екеумізге екі кофе әкеліпті. Сол жерде буы бұрқыраған қымбат кофенің иісі мұрынға шапты.
- Қанша минут қарап отырдым , - дейді қолыма чашка ұстатып жатып.
- Білмеймін екі үш минут отырған шығармын , - дедім.
- Сонымен не байқадың , - деп сұрады бұл тағы да!
- Көлікті көруіне көрдім , бірақ бөтендей ештеңе байқағаным жоқ , - деп жауап бердім.
- Ендеше мынаны ішіп ал , сонан соң мен айтқан кезде тағы да қарайсың , - деген жігітім кофеден ұрттады.
Қара десе жүр рет қараймын бірақ онан не пайда деп отыра бердім.
Осыдан кейін бірер минут тыныштық орнады. Не ол сөйлемеді не мен сөйлемедім , суыған кофемізді ішіп отыра бердік.
Кенеттен бұл жалт беріп сағатына қарады.
Сонан соң менің қолыма жармасып:
- Таста , тез қой қолыңдағы чашканы сөйт те көлікке қара деп терезе жақты ымдады.
Бетімді көлегейлеп әрі бері қарадым бірақ бір орында тапжылмай тұрған ақ көліктен басқа ештеңе көре алмадым.
Жігітім болса " не көрдің , не байқадың " деп қайта қайта сұрап әлек.
- Ештеңе , -'деп отыра кеттім.
Мұны естігенде пердедегі саңылауға ол да үңілді. Арадан бірнеше секунд өтті.
- Көрдің ба деп тамағымның астынан сыбырлап сұрады.
Ой тоқтап тұршы қане , жақсылап қарайыншы.
Әне әне , көліктің ішінен оттық тұтанып өлесің сәуле көрінді.
- Ақылдым менің , көрген боларсың , - деді сол кезде менің жігітім.
- Иә жаным көрдім , әлдекім темекі тұтатқандай болды , - дедім.
О Құдай !
Бұл деген үнемі темекі сасып жүретін Лекарь есімді қаншық болғаны ғой ?
Ол қаншықты Кубикте отырғанда күніне үш пәшке темекі сорады дейтін. Нақтырақ айтсам , он минуттан жаңасын шығарып түтетіп жүретін.
Сол есіме түскенде тұла бойым тұншығып түршігіп кетті. Аяқ қолымнан дәрмен қашты , тілім тас батып байланып қалды.
Жігітім болса сөйлеп бастады.
- Мына көлікте отырған кім екенін ішің сезген болар , айттым емес пе , Лекарь мұнда жайдан жай келген жоқ. Оны да жоғарыдағылар заказбен жіберді. Бірақ , бұл сорлы екеумізді де өлім күтіп тұрғанын білмейтін болар , мүмкін білетін де болар кім білсін ? Енді біздің қайда барсақ та алдымыздан шығатын сол баяғы " Қорқыттың көрі " ғой , - дейді.
Осы сөзді айтып соңынан іле шала бетеме үңілген жігітім шиедей ерніме жабысты.
Мен бейбақ жауап беру түгі есімді жиып үлгермедім , астына басып езіп салды.
Соеда менің айызым қанды ма білмеймін әйтеуір сөзге келдім.
- Мына көліктегі тап сол Лекарь екенін қайдан білдің , айтшы , - деп сұрадым.
- Анау алған пәтерім сенің әкеңнің үйіне қарсы болатын. Онан көп өтпей екінші пәтерге көштім , мынау үшінші пәтерім. Байқаған болсаң мына пәтердің аулаға қарайтын төрт терезесі бар іші де даңғарадай үш бөлме. Қайдан білдің дейсің ғой , мына көліктің соңыма түскенін сенің үй жағыңда тұрғанда байқағам. Онан бұл екінші пәтерімнің ауласында пайда болды . Енді қарасам осы пәтерімнің көлік тұрағында тұр. Қалай ойлайсың мұның бәрі жәй ғана сәйкестік пе , сен айтшы ал , - дейді.
- Білмедім , бірақ бірі біріне ұқсайтын ақ түсті көліктер көп қой қалада , - деп ойымды айттым.
- Жооқ жаным , сен қателестің осында. Тап қазір сағатқа қарап көрші , қанша болды ? Түн жарыдан ауып барады. Мұндай уақытта , басқа көліктердің иелері үйлерінде ұйықтап жатады , ал мынау болса көлікте жатады.
Көрерсің , бұл ертең де ешқайда кетпейді. Мына тұрған жерінде тапжылмай тұра береді. Мен өзім бүгін үлгермей қалдым ертең нақты анықтаймын. Бұл көліктің ішіндегі кім болса да қарны ашқанда төмендегі дүкенге кіріп керек жарағын алып қайта отырады. Мұның қайта қайта темекі шеккеніне қарағанда бұл Лекарь деген қатын. Ол сотталамын дегенше қарақшылық жасап бизнесмендерді бопсалайтын топтың мүшесі болған.
Енді бұл сучканың әжетхана қысқанын күтуім керек , - дейді қалжың шыны аралас.
Оның әу баста " қарақшы " болғанын мен де естігенмін. Қазір Лекарь десе , мед колледжде оқыған , сол үшін Лекрь дейтін.
Мұның жасағандары тіпті де сұмдық.
Бірде бұлар әлдебір бай бағланның үйін тонайды. Сөйтіп ақша тұрған сейфті аша бергенде үй иесі байқап қалып дабыл қағады. Білесіздер ғой , қарақшылар шабуыл жасағанда , ұйықтап жатқан болып жата беру керексің. Сіздерге де айтарым , көрсеңіз де көрмегендей болып жата беріңіз.
Ал байбалам салып қарсылық көрсетсеңіз , ізін жасыру үшін көргеннің бәрін қырып тастайды. Үндемей жатсаңыз ақшаңыз кетеді өзіңіз 100 пайыз аман қаласыз.
Енді не істеу керек ? Үй иесі айқайға басып жатыр , мына Лекарың барып атып салады. Сөйтіп қашуға ыңғайлана бергенде , оқ дауысына оянған көрші бөлмеде жатқан келін шығады. Бұл да есі бар куәгер ғой , оны да атып салып терезеден секіреді.
Сонан соң әрі қарай дүрбелең басталады , бүкіл ел шулайды , теледидар мен сайттар жарыса жазады.
Лекарыңыз ұсталып 18 жылды арқалап кетіп отырады. Әбүйір болғанда отағасының жанында бас көтерген бәйбіше аман қалады , әйтпесе бұл қанішер оны да атқан дейді.
Міне , бұл жауыздың өткен жолы осындай.
Ондай адамнан қорықпай көріңіз ?
Сол есіме түскенде бүрісіп жатып жігітімнің құшағына тығыла бердім. Қою кофе қойсын ба , қаны тасып барады қайта жабысып қайта басталды.
Бұл сіздерге қандай білмеймін біз үшін үйреншікті жағдай болған соң жан алып жан бересің. Тұла бойың балқып барып әрең басыласың. Алайда осы бүгін емес , өйткені , аулада аңдып дұшпаның отыр.
" Жігітім ғой " қалады , мен қалай кетемін ?
Бұл үйдің есігінен кіргеннің де шыққанның да маңдайы , анау тұрған көлікке соғады.
Сірә оның мені көрмей қалуы мүмкін ба ?
Осыны ойлап мазам кеткен соң көрпеде көңілінен шықпағанымды білдім.
Ол да соны аңғарғандай
" расслабься жаным " деп құлағыма сыбырлап әлек.
Мынандай
" екі қанішердің " ортасында қалсаң қайдағы
" раслабуха блин " деймін.
Бітті құрсын, әйтеуір бітті. Қыңсылаған итше барып сұлық түсіп шалқалап жата кетті. Қос анары көкке сәлем бергендей үрпиіп тұр. Бұл өзі жасы біразға барса да тығыршықтай денелі жинақы қыз. Үнемі таза жүретін, таза тұратын , түрме ішіндегі жаттығу залынан шықпайтын. Анау Лекарың сияқты шөп түтетпейді , шөп түгілі темекі шекпейді. Сол емес пе, мен бейбақты бір шапалақпен ұйықтатып тастағаны. Сонда бұл біршамаға дейін ойланып жатты. Сонан соң менің үрейімді басқысы келді ме , кеудеме басын қойып әңгіменің төтесіне көшті.
- Ақшаны алғанша " инсцинировка " жасағым келеді , - дейді.
Мен мұнысын құптамағандай жауап бермей жата бердім. Ол болса тоқтамады. Одан әрі сөйлей берді.
Құдай-ау не дейін " исцинировка " деп алдап әкеліп, әкемді атып тастаса қайтемін ?
Өйткені оны жасау үшін әкем керек , қан сонардай көрсететін қою қызыл краска керек. Сонан соң қанға бөккен екі үш жастық пен аппақ көрпе керек. Нақтырақ айтқанда марқұм Заманбектің оқиғасы қайталануы керек . Бірақ , ол кісі сияқты менің әкем өлмеуі керек , өлсе де өтірік өлуі керек екен.
Ал енді осыншама сөзді айтып болған " жігітім " сен не айтасың дегендей басын көтеріп бетіме қарады.
- Олай болмайды , - деп кесіп айттым.
- Осылай айтатыныңды біліп едім , - деп қоя салды.
Онан әрі халатын сүйреп душқа кетті.
Осы кезде таң қылаң бере бастады. Екі аяғымды талтайтып, тырдай жалаңаш мен де жата бердім.
Алайда душтан шыққан жігітім дүрлігіп берді. Өзінен- өзі шкафты ашып-жауып киім іздей бастады.
Тапты-ау әне, тапты!
Құрсын алба-жұлба қалың халат шығарып киіп жатыр. Әдемі келіншекке мынандай киім мен орамал жараспайды екен.
- Жарық түсті деп пердені ашушы болма жаным , - деп ескертіп, қолына қоқыс жәшігін ұстап кете барды.
Жетіп барып әлгі саңылаудан сығалап қарап тұрдым. Қолында пакет, үлкен жолға қарай аяңдай берді. Көрдім мен , анық көрдім , тас төбесінен қарап тұрып көрмей ше ? Анау аппақ көліктің ішіне мойнын созып шолып өтті. Сонан соң қоқыс жәшігіне пакетін лақтырып, үйге қарай аяңдай берді.
Онан соң есік ашылып үйге кіргенін аяқ дыбысынан естіп жаттым.
Бұл бірақ жай кірмеді , жағы- жағына тимей сөйлеп кірді.
- Орныңнан тұр енді , сосын тездетіп киініп ал. Анау көліктегі соның тап өзі , малғұн өліктей боп теңкиіп ұйықтап жатыр екен , осы кезде шығып кет , хабар өзімнен болады , - дейді.
Бұл деген мен үшін шанс еді,
" қашпақ болсаң зымыра " деп ұшып тұрып киіне бастадым. Өзім қорқақ қоян болсам, құйрығыма шыбық тигеннен соң не болсын , көлігімді қыздырып отырмастан безіп кеттім.
Ал енді мұндай таңсәріде қайда барайын , қалған ұйқымды қандырып алайын деп салоныма тарттым.
Алайда мен бейбақта қайдағы ұйқы , дөңбекшіп жатып қыздарымды күттім.
Осы қыздарым жайлы айта кетейін. Екі салонымда жеті қыз бар. Жастары 20-дан жоғары. Анау Лекарь екі үш рет келіп керім боп кеткен.
" Ақшасын бермей-ақ қойыңыз ",-деп мен сорлы жалбақтап қыздарға өз қалтамнан төлеп жүрдім.
- Неге ақшасын алмайсың, қалтасынан ақшасын шығарды ғой , - деп сұраған Алина деген қыз.
- Таныс тәтем болған соң ұялдым , - деп алдап қойғанмын.
- Тәтеңіз біртүрлі екен , - деп жауап берген сонда.
- Бірдеңе деді ма , - деп сұраған болдым.
- Жоқ бәрі жақсы , - деп айтпай қойған.
Әрине оның менен " бұл кім " деп сұрайтындай орны бар еді.
Өйткені анау " жігітім " қыздарыңа ескертіп қой, артық сөйлеп жүрмесін деген.
Мен бұларға соны айтқанмын , бүгін келіп тағы да сұрап отыр. Киім ауыстырып жүріп енді Мадинам сөйледі.
- Тәтеңіздің көзі өте сұсты, қорқынышты екен " қай районда " тұрасың ?, тұрмыстасың ба?- деп екі - үш рет сұрады , оны қайтесіз?- деп едім , жәй сұрағаным ғой, сұрауға болмай ма не " деп дүңк ете қалды , қорқып кеттім . Енді келсе мен ол апайды қабылдамаймын , - дейді.
Міне, осыдан-ақ іс насырға шауып бастады деп есептей беріңіз. Кубикте жатып қатынмен үйыққанымды ол да біледі ғой, оны мына қыздарға айтса құрыдың дей бер. Құрсын , біз қандай келіншектің қолында жұмыс істеп жүрміз деп тым-тырақай тұра қашатын шығар ?
Бұлар менің сотталғанымды білмейді, егер үш жігітті сойған деп есітсе бет-бетіне безіп кетеді. Сонда маған не қалды деңіз ?
Маған қалғаны олардың екеуінің де көздерін құрту басқа жол жоқ.
Сол күні мені сондай ойлар мазалап есеңгіреп жүргенімде кеш батты. Көлігімді қыздырып қайтқалы жатсам артқы есігім өзінен-өзі ашылып әлдекім бас сұқты.
Әдетте " Мәлика деген мастер қыз шығар " деп ойлап қалдым. Себебі , ол қыз менің үй жағымда тұрады, нақтырақ айтсам бір қиылыс жетпей түсіп қалады.
Сөйтсем , бұл менің
" жігітім " екен аңдып отырып жетіп келіпті. Сірә, ешкім көрмесін деп ұрын келсе керек.
- Маған басқа пәтер керек , тездет жаным , - деп бұйырды.
-"Қай районнан болсын , - деп жылжи бердім.
- Салоныңа жақын болса, тіпті жақсы , - дейді.
Негізі мұны да маңайыма жолатқым жоқ. Оған үмітім бар десем амалым жоқ. Бұл менің әкеме араша түсетіндей көрінеді де тұрады.
- Мына қыздардың бәрін таниды ма ол , - деп сұрады жігітім.
- Ия, бәрін таниды , - деп шынымды айттым.
- Жақсы болған екен , оған да шүкір ,- деп қуанышын білдірді.
Қысқасы үлкен салонымнан бір аялдама жерден пәтер тауып , сонда жайғастырдым. Ішінде теледидары болсын деген бір-екеуі бар екен.
Сонда мен кеш түсіндім , анау Лекардың біздің қыздарды танығаны шынымен де жақсы болды.
Күнде - күнара қыздардың бірін көлігіме отырғызып, бұрынғы пәтеріне апарамын. Қолына азық - түлік салынған пакет беріп , " 7 ші пәтерге беріп кел " деймін. Мұны да сол
" жігітім " айтқан , соның жоспары.
Айтқанымды екі етпейтін қыздарым кіріп-шығып жүрді. Бір қызығы , сол 7-ші пәтерде тоғыз бала туған жалғызбасты жесір ана тұрады екен , соған береміз. Көп балалы ана деп Өкімет үй берген екен, оны да кейіннен есіттім.
Сонда менің " жігітім " қайдан білген десеңізші?
Көрші тұрып танысып алған шығар деп қоямын осы күні.
Осылайша бәрін айт та бірін айт, біздің қыздар азық апарып беріп жүре берді.
Менің жігітімді "осы пәтерде " деп , ойлаған анау қаншық аңдып отыра берді.
Қысқасы біздің " жігіт " Лекарыңның аузын айға қаратты.
- Бүгін біздің екі көзіміз теледидарда болсын , - деді жалаңаш тәнімді аймалап жатқан жігітім.
- Анау бөлмедегі қосулы тұр ғой соны өшіру керек , - еді дедім мен де үздігіп.
- Жооқ жаным өшіруге болмайды , - дейді ол маған.
- Неге болмайды , өшірмесек қиялым бөлініп ыңғайсыз боп жатырмын , - деппін айтарға сөз таппай.
Әрі қарай жан мен тәннің қалауы дейін бе?
Өліп-өшкен арпалыс басталды. Әлдебірде таныс әуен ойнап , артынша " бүгінгі жаңалықтар топтамасынан көретіндеріңіз " деген жүргізуші қыз сайрап бастады.
Сонда менің астымда жатып тумбада түрған пультке қолын созған жігітім даусын көтеріп, құлақ түрді.
Бүгін біздің қаланың бәлендей ықшам ауданындағы түгеншесінші үйдің тұрағына қойылған көліктен орта жастардағы келіншектің мәйіті табылды. Оқиға орнынан репортажды арнайы тілшіміз хабарлайды дейді. Ұшып барып теледидарға үңілдім.
Сол баяғы тұрақ , сол баяғы аппақ көлік , ішінде орта жастардағы әйелдің мәйіті.
Оқиға орнында криминалды полиция жұмыс жасап жатыр.
Жұмыр жүрегім зырқ ете қалды.
Басым салбырап келіп
" жігітімнің " құшағына тығылдым.
- Сенен ба жаным , - деп көзіне қарадым.
- Ол саған маңызды ма , - деген жігітім бетімнен сүйді.
- Жоқ маңызды емес , - деп төмен қарадым.
- Маған да маңызды емес , маңыздысы ертеңгі хабар болады , - дейді.
Ой сабаның қанішері.
Өзіндей келіншекті өлтіріп отырып міз бақпайды ғой, сірә. Нағыз тас жүрек, һәм тасбауыр дерсің.
Осымен кешкі топтама жаңалықтары бітті.
- Иманды бол, құрбым деген жігітім бетін сипап барып душқа кірді.
Оңай емес , он бір жыл камералас болған құрбыңды жоғалту оңай емес.
Кеше ғана үрпие қарап жек көрген Лекарға бүгін жаным ашыды. Ашымай қайтсін , ол бейбақтың өрімдей үш қызы бар дейтін. Қарақшы топқа жастай қосылып, құшақтаған еркектен қоян сияқты туа берген дейтін. Тұңғышы қазір бойжеткен , модельдік агенствода жұмыс істейді, өте әдемі қыз дейтін. Негізі қосындыдан туғандар өте әдемі болады дейді, біз оларды метискалар дейміз.
Бұл дегенің бір жағынан өте аянышты болса, екінші жағынан өте қорқынышты еді. Құрсын арада қанша уақыт өтті " жігітімнің " душқа кіргені қашан еді , бұл неғып тына қалды деп селт еттім. Сонан соң ұрлана басып ваннаның есігінен тың тыңдадым. Тірі жанның белгісі білінбейді.
Өзімнен өзім қалтырап дірілдеп тұтқаны басып көрдім , шиқ деп сес берген есік еңкейе берді. Сонда ғана басымды сұғып сығалап қарадым. Суға толған аппақ ваннаның ішінде шалқалап жатқан " жігітімнің " қимылсыз жатқан қос аяғы көргенде шыңғырып жібердім ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу